Өзендер / Кіші Өрікті өзеннің шатқалы
GPS координаттары 43.013434, 77.98439
Кіші Өрікті шатқалының шығысында Құтырған шатқалы, батысында Үлкен Өрікті шатқалы жатыр. Күнгей Алатаудың Бас жотасынан солтүстікке қарай созылытан бұл шатқал Шілік өзеніне жалғасады. Ұзындығы 17 км. Өзен бастаулары Бас жотадағы Орта Өрікті асуында. Өзеннің төрт саласы бар. Екі саласы, сол жақтағы ең ірі саласы биік таулы зонадағы шағын мұздықтар мен қардан бастау алады. Шатқалдың төменгі тұсындағы үшінші және төртінші саласы Кішітау беткейлерінен шығатын жер асты суларынан басталады. Кішітау шыңы Кіші Өрікті жотасының солтүстік соңы және шатқалдың ең биік нүктесі болып саналады. Бас жотадағы 3991 шыңнан Кіші Өрікті өзенінің бастауларын оң жақ бүйір саладан бөлетін шағын жота өтеді.
Бас жотаның бастыс жағындағы 3930,3 шың Кіші Өрікті мен Шоң Өрікті шатқалдарының торапты шыңы болып саналады. Бұл шыңның шығыс жағында өтуге оңай Орта Өрікті асуы жатыр.
Шатқалдың шамалы мұздық негізінен шағын қасат қарлар мен жартылай жотадағы мұздықтардан құралады. Мұз басқан зонасында шағын морена көл бар. Оның бастаулары 3400 м, сағасы 1900 м биіктікте.
Шатқалдың төменгі бөлігі қатты тілімденіп, шыршалы қалың орман өскен. Мұз беткейлерін өзен жағасында жүруді қиындататын күшті шөгінділер басқан. Бұл шөгінділер 1911 жылғы алапат жер сілкінісінен кейін пайда болған.
Орта Талғар шатқалында (Іле Алатауы) орналасқан Талғардағы бас лагерь жойылғаннан соң альпинситік ауыспалы лагерьді өткен ғасырдың 80-ші жылдары осы шатқалға орналасқан еді. Шатқал арқылы шыңға шыққандар туралы деректер жоқ.
Күрделі әрі тартымды шыңдары мен асулары болмағандықтан шатқалға келуші туристер аз.