Көлдер / Жалаңашкөл көлі
GPS координаттары 45.540022,82.121429
Жалаңашкөл көлі – ағынсыз көл. Жер асты суы мен жауын-шашын есебінен толығады. Көлдің ұзындығы шамамен 9 км, орташа ені 4.5 км, орташа тереңдігі 2.4 м. Суы буланғаны болмаса басқа жаққа шығатын жолы жоқ. Сондықтан суы өте «қатты», 1.2 -ден 5 г/л-ге дейін тұзды сульфатты-гидрокарбонатты. Көл жағасы жайпауыт, жыл сайын су жайылып, айналасын бұта-шілік басып қалады. Көл балшығы жұртшылық арасында емдік балшық ретінде кеңінен танымал. Жағалауында көлдің шіріген өсімдіктері араласқан тұзды мол балшықты жергілікті тұрғындар мен туристер бальнеологиялық мақсатта пайдаланады.
Фотогалерея



















