Тырнақты. Қола дәуірінің қорымы
Тырнақты қорымы Алматы облысы Жамбыл ауданында, Аңырақай тауының шығыс жағында, Қопа-Қаншеңгел трассасынан 8,6 шақырым, Қарабастау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 19 шақырым және шопандардың қонысы мен бұлақ басынан 1 шақырым жерде.
Қорым екі төбенің ортасындағы шағындау жазыққа түскен. Солтүстігі мен оңтүстігі тауға ұласса, батысы мен шығысы терең жыраға тіреледі. Қорымның өзі екі кезеңнің мұрасы, бір жартысы ерте темір ғасырына, екінші жартысы қола дәуіріне тиесілі.
Диаметрлері 16,5 және 15 м, үйінділерінің биіктігі 0,4 және 0,3 м. Саз бен тастан қаланған қорған үйінділері бұзыла қоймаған.
Көлемі 6 да 7 метр қола дәуірінің қоршаулары жерге көлбеу қадаған ірі тастардан қаланған. Жоғарғы жағын топырақ басқан. Қорған ішінде тастан қаланған құрылыстар тас жәшікті жауып тұруға пайдаланылғанға ұқсайды. Қоршау конструкциясы Таңбалы шатқалында зерттелген жұптық жерлеу орындарына ұқсас. Қоршаудан солтүстікке қарай тағы да ірі тастар бар, бірақ жерге көміліп қалғандықтан олардың конструкциясы неге арналғанын айту қиын.