Жол бағдарлары / Трекинг № 1 н/к
Координаттары GPS навигацияның көрсеткіштеріне негізделген
Сол Талғар– 2-кордон – Ақтас шатқалы – «КазПИ» алаңқайы – радиалды шығулар – 2-кордонға қайта оралу
1 күн
Сол Талғар шатқалындағы 3-көпірге дейін автокөлікпен жетіп, ары қарай 2-кордондағы басты лагерьге (43ᴼ 13ʹ 04 C, 77ᴼ 12ʹ 04 В) дейін жаяу көтеріледі. Туристердің жеке заттары мен құрал-жабдықтары автокөлікпен жеткізіледі. Кемпингтерге орналастырылып, трекингке дайындалады. Шатырларда түнеп шығады.
2 күн
Маршрутқа шығу. Көпір арқылы өзеннің сол жағалауына өтеді. «Ақтас» ( 43ᴼ 13ʹ 22 C, 77ᴼ 10ʹ 32 В) шатқалының үстіртіне көтеріледі. Одан ары сүрлеумен оңтүстіктегі «Қызыл жар» үйіндісіне ( 43ᴼ 11ʹ 26 C, 77ᴼ 08ʹ 38 В). қарай бет түзейді. «Пионер» шыңына (3029) қарай қырқамен көтеріледі де, шыңды шығыс жағынан айнала өтіп, Бутаков асуының (2900 м, 43ᴼ 09 ʹ 15 C, 77ᴼ 08ʹ 06 В) төменгі жағындағы бұлаққа түседі.
3 күн
Сол Талғар шатқалымен КазПИ алаңқайындағы (43ᴼ 08ʹ 04 C, 77ᴼ 09ʹ 04 В) метео бекетіне дейін төмен түсіп, одан ары шатқалмен көтеріліп, Комсомолка өзеніндегі сарқырамаға (43ᴼ 07ʹ 12 C, 77ᴼ 09ʹ 03 В), сонан соң шатқал арқылы «Красная полянаға» (43ᴼ 06ʹ 33 C, 77ᴼ 09ʹ 38 В) дейін келу.
4 күн
Таңғы ас ішіп болған соң Сол Талғар шатқалының бойымен жаяу «Солнечная поляна» (43ᴼ04ʹ 40 C, 77ᴼ09ʹ 44 В) аңғарына, одан ары Мыңжылқы шатқалына (43ᴼ03 ʹ50 C, 77ᴼ 09ʹ 47 В) дейін серуен құруға болады. Сонан соң лагерьге қайта оралады.
5 күн
2-кордондағы лагерьге қайта оралу.
6 күн
Автобуспен қалаға қайта оралу.
Фотогалерея



























