Қағалы-Бастау. Ерте темір дәуіріндегі елді мекен
Қағалы Бастау шатқалы Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Қарабастау ауылынан солтүстік-бастысқа қарай 16 шақырым қашықтықта, Аңырақай тауының солтүстік-шығысында орналасқан.
Ерте темір ғасырының (б.з.д І мыңжылдықтың ортасы) елді мекені Қоғалы-Бастау шатқалының жоғары жағында орналасқан. Археологтар зерттеген мекеннің үстіңгі қабатынан үш тұрғын-жайдың әсерінен пайда болған ойық орлар байқалады. Тұрғынжайлар тастан қаланып төрт жақты аласа сырғымалы шатырмен жабылған шағын жеркепелер болған сияқты.
Құрылысы мен жүйеленуі жағынан осыған ұқсас ең жақсы сақталған Тырнақты шатқалының солтүстігіндегі елді мекен зерттелді.
Қағалы-Бастау елді мекені жоғарыдағы бұлақ жағалауында үлкен мал қамауға арналған қораның терістігіне таман орналасқан. Табылған керамика ыдыстардың сынықтары тұрғын жайдың б.з.д І мыңжылдықтың ортасына шамалас екендігін айғақтайды.