Мақалалар / Іле Алатауы

Жарияланған күні:

Іле Алатауы - Солтүстік Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі жота. Тауға бұл атауды орыс георафы және саяхатшысы П.П.Семенов берген. Ол 1958 жылы Іле бойына қыдырып келгенде өзеннің арғы бетінен басын қар басқан биік таулар тізбегін көріп, Іле таулары деп атап, кейіннен осылай аталып кеткен.

Жотаның батыс шекарасы Шу өзеніне, шығысы Шелек өзеніне барып тірелсе, оңтүстігінде Күнгей Алатауы қатарлас жатыр. Шілік және Кемін өзендерінің бастауында Іле Алатауы Күнгей Алатауына жақындап, Шілік-Кемін тау түйінін құрайды.

Қазақстанның мемлекеттік шекарасы шығысында Күнгей Алатау жотасынан Шілік-Кемін мойны арқылы Іле Алатауының негізгі жотасына өтеді. Шекара ары қарай жота бойымен батысқа қарай кетеді.

Іле Алатауы жотасының негізгі бөлігі батысында Қастек (Н-2825) асуынан, шығысында Аманжол (Н-3510м) асуына дейінгі 180 шақырымға созылып жатыр.

 

Іле Алатауы батыс бөлігінің панорамасы. Батыстағы Ұзын Қарғалы шатқалынан шығыстағы Қаскелең шатқалына дейін
Іле Алатауы батыс бөлігінің панорамасы. Батыстағы Ұзын Қарғалы шатқалынан шығыстағы Қаскелең шатқалына дейін

 

Талғар шыңы көрініп тұрған Талғар торабы
Талғар шыңы көрініп тұрған Талғар торабы

 

Іле Алатауының орталық бөлігінің биіктігі 3200 метрден асса, бірқатар шыңдары, атап айтсақ, Талғар шыңының биіктігі (Н-4978) шамасында. Талғар шыңын қоршай бірнеше 4500 метр биіктіктен асатын шыңдар шоғырланған. Іле Алатауының бұл орталық бөлігі Талғар тау торабы деп аталады.

Биік шыңдар Іле Алатауы жотасында ғана емес, өзен аңғарын айырып тұрған бүйір сілемдерінде де баршылық. Солтүстік баурайында бірталай тау сілемдері оналасқан, олар: Кіші Алматы, Азутау, Күнбел, Үлкен Алматы, Печать, Новый, Северный, Талғар, Есік сілемдері. Құламалы тік оңтүстік баурайы қысқа келген Жосалы-Күнгей, Иссыктен-чоку сілемдеріне бөлініп кетеді.

 

Абай және Нұрсұлтан шыңдары бар Кіші Алматы жотасы, Құмбел жотасындағы Погребецкий, Молодежный және Титов шыңдары
Абай және Нұрсұлтан шыңдары бар Кіші Алматы жотасы, Құмбел жотасындағы Погребецкий, Молодежный және Титов шыңдары

 

Іле Алатауының солтүстік баурайы қалың мұз құрсауында. Жотаның ең биік бөлігі саналатын Талғар торабы мәңгі мұз жамылғысы астында жатыр. Мұнда жотаның ең ірі мұздықтары – Богатырь, Дмитриева, Конституция, Тоғызақ, Колесник және Шокальский мұздықтары 4 шақырымнан 6 шақырымға дейін созылып жатыр. Шілік өзенінің бас жағы мен оның шығысындағы Шілік-Кемін мойны маңында негізінен мол мұз жинақталған да, батысына қарай Жаңғырық, Новый, Козьи потоки мұздықтары орналасқан. Талғар массивінің оңтүстік баурайында ұзындығы 11 шақырым шамасындағы Іле Алатауының ең үлкен мұздығы Корженевский мұздығы орналасқан.

 

Іле Алатауындағы ең үлкен мұздықтар.

 

Корженевский мұздығы
Корженевский мұздығы

 

Богатырь (Десница) мұздығы
Богатырь (Десница) мұздығы

 

Дмитриев мұздығы
Дмитриев мұздығы

 

Есік шатқалының бастауында, биік тау басында орналасқан мореналық көлдер бар: тартылып бара жатқан Бозкөл көлі, 3140 м биіктіктегі Ақкөл көлі мен 3400 м биіктікте жатқан Мұзкөл көлі. Жарсай, Пальгово, Григорьева және т.б. мұздықтар күн сәулесімен шағылыса жалтырайды.

Іле Алатауының орталық бөлігінде тоғыз ірі-ірі дербес шатқалдар бар.

Іле Алатауының солтүстік баурайынан бастау алатын барлық өзендер Іле өзені бассейніне жатады.

Ең танымалысы Кіші және Үлкен Алматы шатқалдары. Кіші Алматы шатқалы Средний және Левый Талғар шатқалдарының сияқты қазақстандық тау туризмі мен альпинизмінің бесігіне айналған. Мұндағы шыңдар, асулар мен шатқалдар қалаға жақын, әрі қолайлы орналасқан. Инфраструктурасы да жақсы дамыған, спорттық база, лагерлер мен пансионаттар бар. Жоғары сапалы жолдар салынған, фуникулерлер жұмыс жасайды.

Медеу шатқалынан заманауи фуникулермен Шымбұлақ тау шаңғысы базасына көтерілуге болады. Онан ары 3163 метр биіктіктегі Талғар асуына, ол жерден шыңның әсем панорамасын, Іле аңғарын қызықтап, сонымен қатар Нұрсұлтан мен Абай шыңдары етегінде қыдырып, демалуға болады.

2506 метр биіктіктегі Үлкен Алматы шатқалында Үлкен Алматы көлі орналасқан. Асфальттелген жол 3336 метр биіктіктегі Жосалы-Кезең асуына дейін көтеріп, онан ары қарай Үлкен Алматы шыңына (Н-3861) шығуға мүмкіндік береді.

 

Алматы шатқалында таңғажайып Алма-Арасан родонды бұлағы бар. Алматы Алақыры және Алматы асулары арасында орналасқан Ішкі Тянь-Шаньдық шөл даладағы салқындықты еске салатын биік таулы ландшафт та ерекше сұлу. Осы шатқал арқылы биік таулы Ыстықкөлге жеңіл жетуге болады.

Есік шатқалында 1963 жылы болған күшті су тасқыны кезінде жоғалып кеткен тау көлінің қалдықтары сақталған, қазір жарым-жартылай қалпына келтіріліп, өзінің бұрынғыдай танымалдығына ие болуда.


Есік көлі

 

Ұзын Қарғалы шатқалы тар каньоннан арқырай аққан сарқырамасымен, сейсмостанцияға жақын жерде орналасқан петроглифтерімен танымал.

Түрген өзенінің оң жағалауында осыдан 10 мың жылдай бұрын болған күшті жер сілкінісінің іздері аңғарылады. Нағыз табиғат ескерткіштері – құздар мен жартастардағы қызықты пішіндер мұз дәуірінің ізін сақтаса, топырағы мәңгілік мұз қалдықтарын сақтауда. Түрген шатқалындағы сарқырамалар мен биік таулы Асы үстірті Қазақстан тұрғындарын ғана емес, шетелдік қонақтарды да өзіне қызықтыра тартады.

Түрген шатқалы. Аюлы сарқырамасы
Түрген шатқалы. Аюлы сарқырамасы

Мұндағы Шын Түрген шатқалында табиғат ескерткіші саналатын биіктігі 70-80 см-лік қалың мүк астынан жарып шыққан реликті шын-түрген шыршалары, 30-40 см-ге тереңдікте қалыңдығы 2-3 м болатын мәңгі тоң қабаты бар жерлер сақталған.

Қалаға жақын орналасуы мен инфрақұрылымының жеткілікті дәрежеде дамуы қалалықтарға бір және екі күндік жорықтар мен түрлі экскурсиялар жасауға мүмкіндік береді. Жотаның солтүстік баурайында әлемдегі ең үлкен даңқты алматы апорты өсірілетін алма бақ орналасқан.

Іле Алатауы территориясында Іле Алатауы ұлттық паркі мен Алматы қорығы орналасқан.

Автор: Колокольников А.Е.
×