Мақалалар / Орталық Тянь-Шань және Теріскей Алатауы

Жарияланған күні:

Тянь-Шань – әлемдегі ең биік әрі ең үлкен тау жүйелерінің бірі. Ол шығыстан батысқа 2500 шақырымға созылып, оның 1500 шақырымы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан аумағында жатыр.

Тарим шұңқырының жоғары жағындағы Восточный таулы өлкесін ежелден қытайлықтар Тянь-Шань (Аспан таулары) деп атаған. Кейінірек орыс географтарының күштеуімен бүкіл тау жүйесі осылай аталып кетті.

Тянь-Шаньның ең биік шыңы болып табылатын Победа шыңы (Н-7439) Көк-Шаал-Тау жотасынан 1943 жылы ашылды. Шың Қырғызстан мен Қытайдың мемлекеттік шекарасында орналасқан. Онымен қатарлас Тянь-Шаньның биіктігі жөнінен екінші орын алатын Хан Тәңірі шыңы (Н-6995) жатыр.

 

Орталық Тянь-Шаньның қазақ-қырғыз бөлігі
Орталық Тянь-Шаньның қазақ-қырғыз бөлігі

 

Ірі мұздықтар, алып шыңдар және құздардан тұратын осы шекаралық таулы аймақ қазіргі кезде Орталық Тянь-Шань деп аталады (бүкіл Тянь-Шань тау жүйесінің ортасында орналасуына байланысты). Оның солтүстік-батысында Қырғыз жотасы, Күнгей Алатауы, Іле Алатауы, Кетпен, Шу-Іле таулары кіретін Солтүстік Тянь-Шань созылып жатыр.

Орталық Тянь-Шаньға биік таулар тізбегі мен жоталар енеді. Хан-Тәңірі массиві аумағына Тянь-Шаньның ең биік шыңдары мен алып мұздықтары шоғырланған. Жоталарды терең аңғарлар айырып жатыр. Қалың мұзбен толық көмкерілген аудан да осында. Ұзындығы сәйкесінше 42 және 58 шақырымға дейін созылып жатқан аса зор Солтүстік пен Оңтүстік Иныльчек деп аталатын мұздықтар да осы алқаптан орын тепкен.

 

Орталық Тянь-Шаньдағы негізгі жоталардың сызбасы
Орталық Тянь-Шаньдағы негізгі жоталардың сызбасы

 

Орталық Тянь-Шань шығысында Меридионалды жотамен шектесіп, ол жотаны оңтүстіктен солтүстікке екіге бөліп тұр. Осы жотамен ендік бойымен Тянь-Шаньның биік жоталары тарайды: батысқа қарай Көк-Шаал-Тау, Тенгри-Тағ, Сарыжаз жоталары. Ал Сарыжаз жотасынан солтүстік-батысқа қарай Теріскей Алатауы жоталары бастау алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы Қытай асуы (Н-3960), Узловая шыңдарымен (Н-4940), Пограничник (Н-5100), Плато (Н-6146), Мраморная стена (Н-6400) шыңдары арқылы солтүстіктен шығысқа қарай Меридионалды жотасымен, онан ары Ресей географиялық қоғамына 100 жыл шыңы (Н-6350) мен Н.М.Пржевальский (Н-6275) шыңы арқылы өтеді. Осы шыңнан шекара батысқа қарай бұрылып, Шатыр шыңы (Н-6637) мен  Хан Тәңірінен арқылы өтіп, Чапаев шыңының солтүстік қырқасына дейін келеді. Шекара осы қырқадан солтүстік-батысқа Сарыжаз жотасында орналасқан Семенов шыңына (Н-5816м) қарай бағыттала бұрылады. Семенов шыңында Сарыжаз бен Теріскей Алатауы жоталары бірігіп кетеді. Аталған жоталар біріккен мойыннан батысқа қарай осы тауларды зерттеген ұлы орыс саяхатшыларының құрметіне П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, И.В.Мушкетов деп аталатын мұздықтар батысқа қарай орналасқан. Теріскей Алатау жотасынан шекара Қарқара өзенінің бастауына дейін келіп, онан ары аңғарды бойлай Қарқара алқабына жетеді.

Қазақстан Республикасындағы ең биік шың – Хан Тәңірі шыңы. Төртқырлы пирамида тәрізді биік те әдемі шың. Орталық Тянь-Шаньның Тенгри-Тағ жотасының шығысында орналасып, биіктігі тігінен санағанда етегінен төбесіне дейін 3 шақырымға жетеді. Қазақстандық альпинистер ең алғаш рет 1936 жылы, ал Мраморная стена шыңын 1953 жылы бағындырды.

 

Хан Тәңірі солтүстіктен. Қазақстан жағы
Хан Тәңірі солтүстіктен. Қазақстан жағы

 

Хан Тәңірі оңтүстік-батыстан. Қырғыз Республикасы
Хан Тәңірі оңтүстік-батыстан. Қырғыз Республикасы

 

Мраморная стена шыңы Тянь-Шаньның солтүстігіндегі алтымыңдыққа жатады. Хан Тәңірі мен Мраморная стена шыңдары бүкіл әлемнің альпинистерін қызықтыратын орындардың бірі болып табылады.

 

«Мраморная стена» шыңы
«Мраморная стена» шыңы

 

Мраморная стена шыңының батысынан бастау алатын Сарыжаз жотасында биіктігі 5000 метрден асатын 17 шың бар, олардың көпшілігі әлі бағындырылмаған. Сарыжаз жотасының қазақстандық бөлігінде Қарлытау шыңы (Н-5450), Советтік (Н-5816) шыңдары бар.

 

Сарыжаз жотасы


Сарыжаз жотасы

 

Теріскей Алатауы жотасының шығысындағы шатқалдар мен солтүстік баурайы 60 шақырымға созылғанымен, 4300 м асатын белгілі шыңдар жоқ, оның есесіне Баянкөл шатқалында Ақкөл және Үлкен Қақпақ шатқалында Қаракөл деп аталатын көлдер бар. Бұл көлдер теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте орналасқан, соған қарамастан Қаракөл көлінде жалаңаш осман (голый осман) балығы өндіріледі. Солтүстік баурайынан Іле өзеніне келіп құятын Текес өзені өз бастауын алады. Автомобиль жолы түскен Қақпақ асуына бүкіл Орталық Тянь-Шань мен Хан Тәңірі шыңының керемет сұлу табиғатын тамашалауға болады.

Автор: Колокольников А.Е.
×