Мақалалар / Үлкен Алматы шатқалы

Жарияланған күні:

Қаланың батыс аумағынан басқа кез-келген нүктесінен, оңтүстікке, тауларға қарайтын көшелердің аяқ жағынан пішіні үлкен пирамидаға ұқсайтын шыңды көруге болады.  

 

 

Бұл – Үлкен Алматы шыңы. Пирамиданың оң жағы мен сол жағында шыңның айналасында орналасқан шатқалдар көрінеді. Сол жақта – Алматы (Өтпелі), оң жақта – Озерное шатқалы. Озерная және Алматы өзендері Үлкен Алматы шыңының солтүстік етегінде қосылған тұсынан Үлкен Алматы шатқалы бастау алады.

 

Үлкен Алматы шатқалының төменгі бөлігінің сызбасы
Үлкен Алматы шатқалының төменгі бөлігінің сызбасы

 

Шын мәнісінде, бұл қосылудың мәні шатқал үшін маңызды бола алмайды, өйткені оның қосылғаннан алқапқа шыққанға дейінгі ұзындығы небәрі 3-ақ шақырым жер. Үлкен Алматы шыңының солтүстік етегінен бастау алғандықтан шатқал атауы осы шыңмен байланысты қойылған. Солай бола тұра Озерное шатқалындағы көлді Үлкен Алматы көлі деп атау құқығы негізсіз болар еді. Өйткені оның ғасырлар бойы иеленіп келе жатқан өзінің меншікті атауы Жосалыкөл болған. Ол туралы кейінірек сөз етпекпіз.

Шатқалдағы нысандарды сипаттауды солтүстіктен оңтүстікке қарай бастаймыз. Үлкен Алматы өзенінің жазыққа шығар жерінде 1980 жылы селге қарсы бөгеттің құрылысы аяқталған болатын. Бірақ өткен ғасырдың 80 жылдарында болған алапат сел  тасқындары оны әлі де биіктетіп, тасқынға қарсы қуатын күшейту керектігін көрсетті.  Құрылыс жұмыстары жанданып, бөгет 90-шы жылдардың басында заманауи  келбетке ие болды.  Бүгінде оның биіктігі 40 м, жота бойымен ені – 422 метр.

Шатқалға апаратын автокөлік жолы қысқа тоннель мен бөгетті бойлап арқылы өтеді. 300 метрден кейін, жолдың оң жағында, «Тастақты гүл» үйіндісінен шыққан өзен тармағы келіп құятын тұста,  Қазақстанға соғыс жылдарында жер аударылған шешен отбасылары қоңыстанған кент болған. 1954 жылы оларға туған елдеріне. Сонда көптеген отбасылар шілденің бір түнінде  «Тастақты гүлінен» шыққан күшті сел тасқыны кентті, қалған тұрғындарымен бірге ағызып кеткенге дейін көшіп үлгерген. 

«Тастақты гүлі» үйіндісі 1911 жылғы апатты жер сілкінісінен кейін пайда болған. Дүмпүдің күші сол кездегі шкала бойынша 10 балға жеткен. Қасқабас тауының жоталары шатқалға құлаған. Соның салдарынан үшке бөлінген шатқал осы күнге дейін жеткен. Уақыт өте бұл жерде талдар өсіп, жаңғақ, алма тоғайлары пайда болды.  Әсіресе күзде үйіндідегі өсімдіктер кемпірқосақтың барлық түсімен ерекше түрленіп ажарланады.

 

Каменный цветок» шатқалы  Каменный цветок» шатқалы  Каменный цветок» шатқалы
«Каменный цветок» шатқалы

 

Шатқал аузында сұңқарларды өсіріп баулып, баптаумен айналысатын «Сұңқар» атты арнаулы бақ жұмыс істейді. Сол жерде ителгілерді баптайтын, кішігірім хайуанаттар бағы мен қала сыртында балалар демалысын ұйымдастыруға арналған балалар қалашығы ашылған. Осы тұста Іле Алатауы паркінің экологиялық бекеті орналасқан. «Тастақты гүліне» қарама-қарсы  Терісбұтақ шатқалы бар. Шатқалдың орталық бөлігінде «Құмбел қонақ үйі» заманауи демалыс базасы орналасқан. Одан жоғарырақ тау саяхатын жақсы көретін адамдарға арналған жыл бойы жұмыс істейтін керемет демалыс орны – «Көкжайлау» шатқалы бар. Бір шақырым жоғары, жолдың сол жағында «Тау дастарқаны» сауықтыру кешені ашылған.  

 Озерная және Алматы өзендері арналарының қосылған жерінде №28 қалалық автобустың соңғы аялдамасы бар. Үлкен Алматы өзенінің оң жақ жағалауында өткен ғасырдың 40 жылдарында тұтқынға түскен жапондар салған СЭС каскадтарының ішіне кіретін №2 СЭС-ы орналасқан. Биік жотадан су электрстанциясына су жеткізетін құбырлар өтеді.  Энергетиктер кенті бүгін де Шеберлер қалашығы деп аталады. Өйткені бос ғимараттар ұлттық қол өнерімен айналысатын кәсіпкерлерге берілген. Кентте әртүрлі ұлттық кәдесыйларды сатып алуға болады.

Бұл жерде Озерное шатқалының бойымен осы аттас өзен ағып жатыр. Оның Іле Алатауының негізгі жотасындағы еріген мұздықтардан пайда болған екі тармағы бар. Негізгі бастауың Туристер асуының баурайынан алады. (Н-4000). Екіншісі тікелей Озерный асуынының өзінен басталады. Кең аумақты қамтитын Озерная өзені шығыстан батысқа қарай жалпағынан созыла орналасқан. Оңтүстіктен алқап айтып өткеніміздей Іле Алатауының негізгі жотасынан басталады. Шығысында Кіші Алматы тау сілемі мен оның тармақтарымен шектелсе, ал бастысында – Үлкен Алматы тау сілеміне тіреледі.

Бұл тау сілемі де оншалықты ұзын емес, шамамен 14 шақырымға созылып, Үлкен Алматы шыңымен тиянақталады. Өзен Құмбелсу және Аюсай болып екіге тармақталады.

Кіші Алматы тау сілемі де онша созылмалы емес. Оның алғашқы алты шақырымы Озерная мен Солтүстік Талғар өзендері бастауының суайырығы ретінде қызмет етеді. Ары қарай Озерное шатқалының шекарасы батысқа бұрылып, Құмбел жотасын басып, Құмбел шыңына тіреледі.

Өзендердің бір арнаға құйылуына оралайық. Шатқал арқылы өтетін тегіс тақтайдай асфальтты жол Жусалы-Кезең асуындағы ғылыми станцияға дейін созылып жатыр.

 Озерное шатқалы өзінің көлемімен таңғалдырады. №1 СЭС аумағындағы шатқалдың төменгі бөлігінің тереңдігі бір шақырымнан асады.

Шығуы қиын, тік құлама жоталарды шыршалы орман жапқан. Осы жерден 3 шақырымнан кейін – тар, терең, өткелі қиын шатқалдан Аюсай өзені бастау алады.  Бағдар ретінде «Үш аю» мүсіні тобын алуға болады.

Батысқа Аюсай шатқалы бағытына қарай 500 метр өтсеңіз, 5 метр биіктіктен құлаған сарқыраманы көресіз. Бұрындары оның биіктігі екі есе жоғары еді, бірақ өткен ғасырдың 60 жылдарында жартас  жотасының солтүстік бөлігі опырылып құлағаннан кейін оның биіктігі қысқарды. Сарқырамадан сүрлеу жолмен шатқалдың биігіне өтуге болады. Ол тарыла келе, шағын бірақ терең жартасты каньонға айналады да, соңғы жағы бір сарқырамаға ұласады.  Жартас ойығынан ағып шығатын сарқыраманың биіктігі шамамен 8-9 метрге жетеді. Сарқыраманың айналасындағы жоталар құлама жер болғандықтан, олардан өтеміз деп ойламаңыздар. Өмірлеріңізге қауіпті екендігі естеріңізде болсын.

 

Аюсай шатқалының сарқырамалары   Аюсай шатқалының сарқырамалары
Аюсай шатқалының сарқырамалары

 

Аюсай шатқалынан жоғары №1 СЭС-ы орналасқан. Бұл кент 40 жылдардың екінші жартысында пайда болған. Бұл жерде тұтқындалған жапондарды орналастыруға арналған ГУЛАГ лагері салынған. Жапон әскери тұтқындары Үлкен Алматы су электр станциясының каскадын салған. Олар №1 СЭС-нан №2 СЭС үстіндегі жотаның төбесіне дейін тоннель өткізген, ондағы  құбырлар арқылы су төмендеп су электр станциясының турбиналарына жеткізілген. Сол тоннель бүгінге дейін істен шықпаған. Олар көлден  шатқалдың шығар аузында орналасқан Пятилетка кентіндегі №7 СЭС-ы дейін су құбырларын салған.  «Салды» дегенді бекер жазбадым. Өйткені құбырлар бір метр диаметрлі ағаштардан сол жерде кесіліп жасалынды. Құбырлар металл құрсаулармен бір-бірінен 20 сантиметр аралығында бекітілді. Құрсаулардың бұлайша жиілігі судың аса күшті қысымына төтеп беру үшін қарастырылды.

Ағаш су құбырларының ұзындығы 15 шақырымнан аса ұзындыққа созылды. Құбырлар герметикалық тұрғыдан мықты болғандықтан, олардың су қысымына төтеп беру күші жеткіліксіз болды. Құбырлардың бойымен тіпті көтерілген кезде, олардың ішіне шомылып салқындауға болатын. Өткен ғасырдың 60 жылдарында ағаш су құбырлары металл құбырларға ауыстырылды.

 

Үлкен Алматы шатқалындағы көлден төмен қарай құбыр үстімен жүру    Үлкен Алматы шатқалындағы көлден төмен қарай құбыр үстімен жүру
Үлкен Алматы шатқалындағы көлден төмен қарай құбыр үстімен жүру

 

Жапондар босатылғаннан кейін лагерді жасөспірім қылмыскерлерге арналған колонияға, ал кейін – «Коммунальник» демалыс үйіне айналдырды. Қазіргі таңда бұл жерде жеке демалыс орындары орналасқанмен, өткен жылдардың айғақтары әлі де сақталып қалған. Мысалға, кенттің төменгі бөлігіндегі үлкен қоршаудың артында осы күнге дейін қылмыскерлерге арналған камералары бар изолятор ғимараты сақталған. Өткен ғасырдың 50 жылдарына дейін кенттің жоғарғы бөлігінде сарқырама болған. Қазір ол жерде кеуіп қалған арна ғана бар, өйткені суды СЭС-тің қажетіне және қаланы сумен жабдықтауға жұмсаған.

Озерное шатқалын бұдан 10000 жыл бұрын пайда болған алып табиғи тоған бөгеп тұр. Күшті жер сілкінісінің әсерінен Үлкен Алматы шыңының жоталарынан түскен жойқын опырылым шатқалды бөгеп қалған. Бұл тоғанның ауқымы таңғалдырады – іргетасынан бастап жотаның төбесіне дейінгі биіктіктігі  500 м құрайды, ал өзен арнасымен ұзындығы  2,5 шақырымға жетеді. 

Тоған бойымен өткізілген құбыр сонау биіктіктен құлайтын суды жоғарыда орналасқан көлден шағын суэлектрстанциялар каскадының турбиналарына жеткізеді. №1 СЭС кентін айналып өтіп, тоғанға қарай ирелеңдеп көтерілетін жолмен  сел қаупі жоғарыда Құмбелсу шатқалынан өтуге тура келеді. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарында шатқалда жыл сайын апатты сел тасқыны болып, олар жолындағы барлығын жайпап кеткен көпірлердің, электр қуатын жеткізушы жүйелердің, жолдардың шатқалдың өзі жүруге қиын болса да, онымен спорттық туристік саяхаттар өткізілген. Шатқалмен Молодежный асуы арқылы Тұйықсу мұздығына өтуге, Құмбелсудан шыға берісте – Озерное шатқалына өтуге болады. Шығыс жотасындағы Трапеция асуы (3240 м, н/к) арқылы Терісбұтақ өзенінің жоғарғы жағына, сосын Құмбел шыңына және Көкжайлау платосына өтуге болады.

Шатқалдан ары жол тоған бойымен ирелеңдей өрлеп Үлкен Алматы өзеніне дейін жоғарылайды.  Жолдың түйіскен жерінен көлге дейінгі ұзақтығы  – 13 шақырым.

Құмбелсудан шыға бергенде, 500 метр қашықтықта «Альпілік раушан гүлі» туристік базасы орналасқан. Базадан жоғары оңтүстік-шығыста Сәтбаев шыңынан созылған шағын шатқал атың иелеңген әдемі Шүкір алаңы орналасқан. Бұл алаңнан Құмбелсудың бастауына апаратын сүрлеу жол өтеді. Алаңқайдан  оңтүстікке жүргенде жасөспірімдер туризмі үшін қасиетті Юмбо-Юмбо (3332 м) шыңы асқақтап тұр. Бұл атауды өткен ғасырдың 60 жылдарының ортасында жасөспірімдер туристік слетінің біріне қатысушылардың шешімімен берген. 

 

Үлкен Алматы көліндегі сел салдарынан пайда болған бөгет және Юмбо-Юмбо шыңы
Үлкен Алматы көліндегі сел салдарынан пайда болған бөгет және Юмбо-Юмбо шыңы

 

Тоғаннан кейін бірден теңіз деңгейінен 2506 м биіктікте шатқалдың ғажайып сұлу інжу маржаны -  көгілдір өзені көз тартады. Ол опырылудан пайда болған терең қазаншұңқырда жарқырап жатыр.

 

Үлкен Алматы көлі

Үлкен Алматы көлі
Үлкен Алматы көлі

 

Бүгінде бұл өзен көбінесе Үлкен Алматы өзені деген атаумен танымал. Бұл атау өзеннің көлеміне қарай емес, шатқалдың атауына байланыста берілген.  Бұрындары өзеннің аты  Жосалыкөл болған, өйткені оның суларынан қызыл түсті Крошка шыңы жоталарының сұлбалары көрініп тұрады.  

 

Үлкен Алматы көлі, 1935 жыл
Үлкен Алматы көлі, 1935 жыл

 

Өткен ғасырдың 30 жылдарында осы көлде кемелермен көлдің серуендеушілер жүретін қала тұрғындарының сүйікті жері болған. Шатқалға көлік сирек жүргендіктен, қала тұрғындары ол жерге жаяу баратын.

Осы көлдің суы ғажайып түстермен құбылуымен ерекшеленеді. Күні бойы ол зеңгір түстен көгілдір, көкпеңбек қою көк түстерге дейін ауысады. Көлдің үстінде алып шыңдар асқақтап төніп тұр: батысында – қаладан көрінетін алып пирамидаға мүлдем ұқсамайтын; оңтүстік-шығысында көлден әрі қарай өзеннен Қаныш Сәтбаев атындағы қарлы шың көрініп тұрады (бұрынғы  Үлкен Алматы шыңы Советтер шыңы), оңтүстігінде шатқал Озерный шыңының қарлы күмбезімен тұйықталады. 

 

Қаныш Сәтбаев (бұрынғы Советов) шыңы
Қаныш Сәтбаев (бұрынғы Советов) шыңы

 

Көл жанында Фесенков атындағы астрофизикалық институт базасы мен арнаулы Күн обсерваториясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының қар көшкіні стансасы жұмыс істейді. Көлден шамалы жоғарыда 1957  жылы құралған Мәскеу мемлекеттің институтына қарасты Штернберг атындағы астрофизикалық институттың Тянь-Шань таулы экспедициясы орналасқан. 1994 жылы бұл бөлімше Қазақстанның В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтына беріліп, Штернберг атындағы Алматы жоғары тау стансасы (ГАИШ) деп аталады.

 

Астрофизика институтының Алматы таулы стансасы
Астрофизика институтының Алматы таулы стансасы

 

Обсерваторияның сұлу күміс күмбездері мен спутниктік тәрелкелер шатқалға қайталанбас көрініс беріп, жерден тыс бір ғаламат құдыреттің барын сездіріп тұрғандай.

Асфальтталған жол тау бөктерімен ирелеңдеп жоғары көтеріліп,  Жосалы Кезеңнің асуына жеткізеді. Ол жерде 3336 м биіктікте РҒА П.Н. Лебедев атындағы Физика институтының ғарыштық сәулеленуді зерттейтін Тянь-Шань ғылыми биік таулы  станциясы орналасқан. Оның екінші аты Ғарыш станциясы (Космостанция). Ғарыш станциясынан асудың солтүстік жағында орналасқан Үлкен Алматы шыңына шығуға болады. Ол жерден Озерное мен Алматы шатқалдарының бастауларынан айнала алақандағыдай көрінеді. Іле аңғары, Қапшағай су қоймасы, Алматы қаласы да ап-анық көрінеді.

Асудан Турист шыңына шығуға болады. Ол асудың оңтүстік жағында орналасқан. Шыңнан Озерная өзенінің биік таулы бөлігінің керемет көрінісі ашылады.

Өзеннен кейін жалпақ альпілік алқап ашылады. Алқап – бұл ғажайып алып кілемдей түрленген альпілік шалғындар.

 

Көлдің жоғарғы жағындағы. Бас жотаның көрінісі
Көлдің жоғарғы жағындағы. Бас жотаның көрінісі

 

Батыс бөлігінде, Іле Алатауының негізгі үстіртінде, Озерный, Чойболсан (Моңғолияның 1930 жылдардағы саяси көшбасшысы), Алматы-Алақыр шыңдары және Алматы шатқалының алып шығатын Алматы асуына қарама-қарсы Алматы-Алақыр асулары бар.

Солтүстік бөлігінде – жасыл альпілік шалғындары бар ежелгі мореналар, Кеңес одағының Батыры, Москва шайқасында ерлік даңқы шыққан панфиловшы Бауыржан Момышұлы шыңы (бұрынғы Карнизный шыңы), Тұран және  Крошка шыңдары. Тұран шыңынан солтүстік-батыста Турист шыңы және Жосалы Кезеңі асулары орналасқан. 

Озерный шыңы бөктерінен үлкен тас үйіндісі түсіп тұр – тас глетчеры, «қолтық жеңге» ұқсас болған пішіні үшін оған «Рукавичка» - «қолтықша» деп ат қойған.

 

Тас глетчер «Руковичка»
Тас глетчер «Руковичка»

 

Үнемі қозғалыстағы жанды глетчер баяу жылжып шатқалға түсіп келеді. Бір-екі ғасырлардан кейін глетчер шатқалды бөлейді де, тоғанның пайда болуына себепкер болады, оның артынан таудың ұшар биігінде жаңа көл пайда болады. 

Озерная өзенінің оңжақтағы негізгі тармағы өз бастауын Мутный, Тимофеев, Грязный мұздықтарынан алады. Шатқалмен жоғарыға қарай әу бастапқыда қара жол, ал сосын Туристер асуына көтеріліп Солтүстік Талғар шатқалына апаратын сүрлеу жол тұр.  Асуға Кеңес альпинистері шыңы мен Погребецкий шыңдары қоршап тұр. Бұл асу арқылы  №65 бүкілодақтық маршрут өтеді, оны  «Алматыны шыр айналу» деп атайды. Жас Гвардия мен Кеңес альпинистері шыңдарының арасында Төрттік асуы орналасқан. Погребецкий шыңынан Құмбел үстіртінің батыс тармағындағы жотада Горельник шыңы мен Погребецкий асуы орналасқан. 

Оңтүстік-шығыста Басты мұздығы бар. Оған бұл атауды 1916 жылы  В. Д. Городецкий берген. Осы мұздықты оны тұңғыш ашқан кісінің есіміне құрмет ретінде Городецкий мұздығы деп те атайды.

 Городецкий мұздығы алқаптықтар түріне жатады. Ол солтүстік және оңтүстік болып бөлінетін екі тармақтан тұрады. Солтүстік тармағы терең, тар, айналасына түгел қар басқан Городецкий мұздығынан Озерное шатқалына тағы бір тас глетчері түсіп тұр.

Городецкий мұздығының негізгі шыңдары – Жас гвардия, Искра, Олег Кошевой (Ұлы Отан соғысы кезіндегі жас батыр гвардияшы атымен). Искра мен Жас гвардия шыңдарының арасында Жас гвардия асуы, ал Искра мен Олег Кошевой шыңдарының арасында – Искра асуы орналасқан. Екі асу да Дмитриев мұздығына, Солтүстік Талғар шатқалына апарады. Іле Алатауының негізгі үстіртінде Березовский, Сырым Кудерин, Қашқасу және Ленинская смена шыңдары бар.

Ленинская смена мен Озерный шыңдарының арасында Озерный асуы орналасқан. Көлден басталатын жоғары қарай шалғынмен өрлейтін жол Озерный асуынан және Қазақстан мен Қырғыз елдерінің шекарасынан өтеді. Қара жол 90 жылдары мемлекет аралық Алматы-Ыстықкөл автокөлік жолын салу жобасының аясында салынған, бірақ кейін Қазақстан бұл жобадан бас тартты. Бұл жерде мемлекеттік шекара Іле Алатауының негізгі үстіртімен өтеді. 

 

Турист шыңынан қарағанда Озерная өзенінің жоғарғы шығыс панорамасы
Турист шыңынан қарағанда Озерная өзенінің жоғарғы шығыс панорамасы

 

 

Іле Алатауындағы бас жотаның панорамасы. Озерная өзенінің төңірегі
Іле Алатауындағы бас жотаның панорамасы. Озерная өзенінің төңірегі

 

Озерное шатқалындағы шыңдар мен асулардың сызбасы

Озерное шатқалындағы шыңдар мен асулардың сызбасы.

Автор: Колокольников А.Е.
×