Мақалалар / Алматы шатқалы

Жарияланған күні:

Алматы шатқалы. Қаладан қарағандағы көрініс
Алматы шатқалы. Қаладан қарағандағы көрініс

 

Алматы шатқалы Үлкен Алматы шатқалының жалпы өзендер жүйесінде маңыздылығы жағынан екінші орынды алады. Бұл шатқалды көпшілік арасындағы бейресми атауы – Проходное. Осылай  аталуының өзі шатқалдың негізгі мәнін жақсы аңғартып-ашып тұрғандай. Шынында да, шатқал арқылы жеңіл де оңай әрі ең қысқа Чон-Кемін өзен аңғары мен онан ары Күнгей Алатауы жотасы арқылы өтіп, Ыстықкөл көліне апаратын маршрут өтеді.

Алматы шатқалы батысында Қарғалы, шығысында Үлкен Алматы сілемдерімен, ал оңтүстігінде Іле Алатауының негізгі жоталарымен шектеседі.

Қаладан шығатын көлік жолы Озерная және Алматы өзендерінің қосылған жеріне дейін тіке барады да, сонан соң оңға бұрылып, 3 шақырымдай жердегі «Алма-Арасан» шпипажайында аяқталады. Бұрылыстан соң 1 шақырымдай жүрген кезде Қасқабас деп аталатын шағын шатқал болады. Мұнда саяхатшылар көп бармайды. Шатқал сағасынан оңтүстік-шығыс баурайы арқылы Қасқабас тауына көтерілуге болады, шатқал арқылы зорға аңғарылатын соқпақ қара жолмен одан да жоғары көтерілсе Қарғалы шатқалындағы табиғаты көркем «Айлы алаңқай» деп аталатын жерге апаратын асуға апарады. Бұл асудың оңтүстігіндегі қырқаны бойлай өтетін қара жолмен «Висячая долина» деп аталатын жерге жетуге болады.

 

Озерное шатқалынан қарағандағы Қасқабас тауының көрінісі
Озерное шатқалынан қарағандағы Қасқабас тауының көрінісі

 

Қасқабас шатқалы сағасына қарсы беттегі Алматы өзенінің сол жағалауында грек жаңғағының шоқ тоғайы бар. Осы жерде арнаны бойлай түрлі тамақтану пунктері орналасқан.

 

«Аспалы аңғар» және Қасқабас тауы
«Аспалы аңғар» және Қасқабас тауы

 

Шатқалды бойлай көпірге дейін шатқалмен көтеріліп, сонан соң жолдан төмен түсіп, шатқалдың тарылған бойымен көтерілу керек. «Алма-Арасан» саяжайы жекешелендірілгеннен соң саяжай территориясы арқылы көтерілетін жол жабылып, қазіргі кезде шатқалға тек саяжайдан жоғары өзен арнасы арқылы ғана жетуге болады.

Санаториядан қорықшының үйі мен №28 автобустың соңғы аялдамасына дейін алып келетін соқпақ жол оң баурай арқылы өзеннің жоғарғы жағында орналасқан.  

Тарылған соң сол жағалауға шығып алып немесе оң жағалаудағы соқпақ жолмен жүруді жалғастыруға болады. Өзен жағасындағы жолдар «Алёшканың көпірі» атты көркем алаңқайға алып келеді. Шатқалдың сол беткейіндегі жол көпшілікке танымал.

Өткелден өтісімен шағын сарқыраманы көресің. Онан ары сүрлеу жол қарағай орманы мен қайыңды тоғай өскен тік баурайға көтеріледі де, «Алёшканың көпіріне» дейін өзен арнасымен жоғарылап, өзенге салынған бөренелі көпірге тіреліп, алаңқайдағы Қайнар бұлақ бастауына алып келеді.

Бастау шағын көлшік түзеді, ал бастау айналасы көптеген шатырларды орналастыруға қолайлы орын болып табылады. Өткен ғасырдың 80-жылдарына дейін бұлақ басында, тіпті, қыс мезгілінде өмір сүріп тұра беруге арналып, жабдықталған жеркепелер болған.

Өкінішке орай, бүгінгі күні тек олардың орнын ғана аңғаруға болады. Баурайдағы соқпақ жолмен 300-400 метрдей биікке көтерілгенде оң жақтан Алматы өзені арнасынан үлкен сарқыраманы көруге болады. Сүрлеумен 50 метрдей жоғары көтеріліп, өзенге қарай төмен түсікен кезде баурайдан да, сүрлеуден де көріне бермейтін тағы екі сарқыраманы көруге болады.

 

       

 

Соқпақ жол онан ары қарай Майбұлақ шатқалының ішіндегі үлкен көркем алаң арқылы өтіп, үлкен Сахновка және Бүркітті сайларын қиып өтеді.

 

Сахновка сайы. Майбұлақ шатқалы
Сахновка сайы. Майбұлақ шатқалы

 

Бүркітті сайы. Майбұлақ шатқалы
Бүркітті сайы. Майбұлақ шатқалы

 

«Алешка көпірінің» алдында соқпақ жол тасқын арнасын қиып өтеді.

1978 жылы Алёша Малчанов қазасынан кейін алаңға оның есімі берілді. Кешкі мезгілде бөренелі көпір арқылы өзенді өтіп бара жатқан кезде тепе-теңдігін жоғалтып, аяғы тайып кетіп, өзенге құлайды. Оның өзенге құлағанын ешкім көрмей, тек жігіттің жоқтығын ертесінде ғана аңғарады. Сонан бері қайнар бастауы бар көркем алаң мен өткел «Алёшка көпірі» деп аталады.

 

«Алешкин» көпірі
«Алешкин» көпірі

 

Қарғалы сілемінен алаңға тау жыныстарының ағыла келген қалың ежелгі үйіндісі келіп жатыр. Морена үстінен солтүстік-батыста ара тістеріндей майда «жандармдарымен» көмкерілген Пила шыңының арқалығы көрінеді.

 

Асуы Пила шыңы. «Алешкин» мост алаңқайынан қарағандағы көрініс
Асуы Пила шыңы. «Алешкин» мост алаңқайынан қарағандағы көрініс

 

Бұл алаңда тұрып шатқалдың екінші беткейінен, оңтүстіктен бұрын Карнизная аталып, кейіннен  Ұлы Отан соғысы батыры Б. Момышұлы атауы берілген шыңды көруге болады.  Турист, Тұран, Момышұлы шыңдары орналасқан Үлкен Алматы сілемінің бұл бөлігі «Алматы Алақыры таулары» деп аталады.

Көпірден шығыс баурайы арқылы 3336 м биіктіктегі Жосалы-Кезең асуына көтерілуге болады. Асу арқылы Үлкен Алматы, Турист шыңдарына шығуға болады.

Қарғалы сілемінде орналасқан шыңдар шатқалды тереңдей орналасқандықтан шатқалдан еш көрінбейді.

 

Алматы шатқалының жоғарғы жағы. Алматы (Өтпелі) асуы
Алматы шатқалының жоғарғы жағы. Алматы (Өтпелі) асуы

 

Орманды зонадан өткеннен соң шатқал кеңейе түсіп, жалпылама атауы Мыңжылқы деп аталатын алаңқайға ұласады. Екі шағын атауы жоқ жылға мен Тұйық өзендері қосылып, Алматы өзені пайда болады. Дәл осы жерден Тұйық өзенін болай шығысқа қарай көтерілсе, Алматы Алақыры асуына жетуге болады.

 

Алматы-Алақыр асуы және Бауыржан Момышұлы шыңы
Алматы-Алақыр асуы және Бауыржан Момышұлы шыңы

 

Озерное шатқалының жоғарғы жағы. Алматы-Алақыр асуынан қарағандағы көрініс
Озерное шатқалының жоғарғы жағы. Алматы-Алақыр асуынан қарағандағы көрініс

 

Қарқаралы жотасының шыңы. Алматы-Алақыр асуынан қарағандағы панорама
Қарқаралы жотасының шыңы. Алматы-Алақыр асуынан қарағандағы панорама

 

Асудың шығысынан Озерное шатқалының биік таулы бөлігінің панорамасы, батысынан шатқалдан көріне бермейтін Қарғалы сілемінде орналасқан шыңдар панорамасы ашылады.

Мұнда Қарғалы шатқалына алып келетін 3 категориялы асулар орналасқан. Ламакин және Радуга асулары Қарғалы шатқалындағы Гигант мұздығына алып келсе, Гагарин мен Жастар шыңдары арасында орналасқан Гляциологтар асуы арқылы Қарғалы шатқалының циркіне түсуге болады. Теплофизиктер асуы арқылы Ақсай шатқалының оң циркінің бастауына өтуге болады.

Тұйық өзенінің оңтүстігінде аса биік емес Тұйық қарлы шыңы мен оның оң жағын ала аттас асу орналасқан.

Сүрлеумен жылғаны бойлай оңтүстік-батысқа қарай, онан ары моренамен жүрсең, ол сені Алматы асуына алып шығады. Асудың арғы бетінде биік таулы әдемі Примула көлі орналасқан. Көлдегі примулалар маусым айында гүлдеп, көл жағалауы ақшыл көк түске боялады. Асудың оңтүстігінен Күнгей Алатауының шыңдарын тамашалауға болады.

 

Примул көлінің көрінісі. Алматы асуының оңтүстігі
Примул көлінің көрінісі. Алматы асуының оңтүстігі

 

Примул көлі. Алматы асуының оңтүстік-батысы
Примул көлі. Алматы асуының оңтүстік-батысы

 

Асу арқылы өтетін бағдар – Ыстықкөлге апаратын ең қысқа да жеңіл бағдар болып табылады, мұнда қарапайым Алматы (Іле Алатау) және Көкайрық (Күнгей Алатау) асулары арқылы өтеді.

Алматы Алақыры мен Алматы асуларында мұзды немесе қарлы жерлер кездеспейді.  Себебі шатқал алқаптан бастап Іле Алатаудың жоталарына дейін теп-тегіс болып келеді де, басқаларынан басты айырмашылығы, бұралаңы көп. Мұндай конфигурация «аэродинамикалық труба» әсерін түзіп, алқаптан ауа толқындарының қозғалысын анықтайды. Жаз мезгілінде алқапта қызған күндізгі ауа, көршілес жатқан шатқалдарға қарағанда, биік таулы ауданның ауасына күштірек әсер етеді. Түнгі салқын ауа қалаға қарай төмен түсіп салқын леп әкеледі. Сондықтан шатқалдағы мұз басу салдары әлдеқайда әлсіз және азғана 13 деградацияға ұшыраған мұздықтар бар.

 

Алматы шатқалындағы шыңдар мен асулардың сызбасы
Алматы шатқалындағы шыңдар мен асулардың сызбасы

Автор: Колокольников А.Е.
×