Мақалалар / Сұңқарсай (Таңбалы кешені)

Жарияланған күні:

Сұңқарсайдың  (Таңбалы кешені) ежелгі түркі дәуіріндегі жартас суреттері бойынша жаңа туристік бағыт

 

Сұңқарсай петроглифтері бойынша бағыттың сызбасы

1- сурет. Сұңқарсай петроглифтері бойынша бағыттың сызбасы

Таңбалы шатқалын 1957 жылдың қыркүйегінде Қазақ КСР Ғылым Академиясының Оңтүстік Қазақстан экспедициясындағы Анна Георгиевна Максимова жетекшілік еткен Жетісу отряды ашты. Кейін таңбалы мұраларын зерттеумен  А. Г. Медоев, А. Н. Марьяшев, А. Е. Рогожинский және басқа да ғалымдар айналысты. ҚР Үкіметінің 2003 жылдың 14 қазанындағы Қаулысымен мұраның ашылуы мен қорғалуына өкілетті «Таңбалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі құрылды. 2004 жылдың 30 маусымында «Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтері» ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енгізілді.

Таңбалы шатқалы бірегей петроглифтерімен әйгілі, олардың неғұрлым құндылары шатқал аузындағы көрікті шағын каньонда шоғырланған.  Осында әр түрлі тарихи кезеңдердің петроглифтері, сондай-ақ қола дәуірінен бастап қазіргі кезеңге дейінгі уақытты қамтитын бес негізгі жартас тізбектері (I–V топтар) ерекшеленіп көрінеді. Таңбалыны көруге Қазақстан мен Қырғызстаннан және басқа да ТМД елдері мен алыс шетелдерден келетін туристер саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Дегенмен, көруге арналған кеңістік (жалпы аумағы 3 800 га байлыққа қатысты алғанда)  мүлдем шағын. Қонақтарды петроглифтердің бес топтамасы бойынша алып жүріп, қола дәуірінің бірнеше оба-молаларын көрсетеді. Дей тұрғанмен Таңбалы экскурсиясының бағытын бірнеше есе ұлғайтуға болады.

Таңбалы – бұл Жетісу жеріндегі басқа  мұралармен салыстырғанда  өңір халқының рухани және материалдық дамуын үш ғасырдан аса  кең хронологиялық ауқымда сипаттайтындығымен аса зор ғылыми қызығушылық туғызып отырған  археологиялық мұралар  кешені. Адамзат тарихының түрлі салаларында прогресті сипаттайтын  ғылыми пәндер тоғысы немесе бұрынғы заманда қоғам әр түрлі мәдениеттермен қарым-қатынасты басынан кешіргені белгілі. Таңбалы шатқалындағы  жартас петроглифтерінің қола дәуірінен қалған негізгі бөлігі жергілікті халықтың діни наным-сенімдеріндегі өзгерістерді  суреттейтін бейнелеу өнерінің бір  жарығы  іспетті. Бұл өзара мәдени байланыстардың табиғаты әлі түсініксіз болғанына қарамастан, сол уақыттарда Шу-Іле тауларының аумағы  Орталық Қазақстаннан Шу жазығына шығатын ең қысқа жол ретінде қызмет етті, одан осы  кен өндірілетін өңірден мыс пен қоланы пайдаланатын елдерге  жол ашылды деп сеніммен айтуға болады. Бұл жол  орта қола дәуірінде ерекше жанданды, бірақ кейін де  аласа Шу-Іле тауларының солтүстігінен  Тянь-Шанға тірелетін жартылай шөлейт жазықтан  ерекшеленетін қолайлы табиғи жағдайы ерте темір дәуірі мен орта ғасырларда көшпелілерді өзіне тартқан.  Дегенмен  Таңбалыдағы жартас суреттерінің жергілікті тамыры бары  сөзсіз, ол осындағы салт-дәстүрдің дамуынан аңғарылады, онда  маңызды  әрі жарқын айғақтар болса да,  ол жартастағы сурет өнерінің дамуының тек бір сатысы ғана.  Жартастағы сурет өнерінің дәстүрі (табынушылық)  жазуы болмаған қоғамда  ерекше дамыған болып саналады. Біздің көзқарасымыз бойынша,  қатаң мемлекеттік құрылым орнап, дінге  ресми мәртебе беріліп, архитектуралық өлшемдері бар діни суреттермен өрнектелген храмдар тұрғызылған   соң  оның даму қарқыны тоқтатылады (күрт бәсеңдейді). Әсіресе бұл үдеріс жұртшылықтың монотеистік дінді қабылдауынан соң күшейе түсті.

Аңдардың бейнеленуі, қола дәуірі; таңбалар,  ежелгі түркі дәуірі

2 сурет. Аңдардың бейнеленуі, қола дәуірі; таңбалар,  ежелгі түркі дәуірі

Алайда Орта Азиядағы жартас суреттері дәстүрі  біржолата жойылып кеткен жоқ. Мұнда барлық жерде, соның ішінде Таңбалыда да кейінгі орта ғасырларға, тіпті XX ғасырға тән жекелеген суреттер кездеседі. Бұл жартастағы сурет өнері дәстүрін ежелгі петроглифтер айналасында қоныстанған халықтардың жалғастырғандығын, олардың уақыт кезегінде өздерінің іздерін қалдыруға тырысқандығын айғақтайды; осындай бейнелерді қалдырған  суретшілердің дүниетанымы Таңбалының негізгі сюжетін қалдырған суретшілермен  туыстас болды. Соның ішінде жаңадан салынған негізгі бағыт   қола дәуіріндегі ірі ғибадатхана мен Таңбалының шет жақтарындағы петроглифтердің бір шоғырының арасындағы едәуір айырмашылықты  көрсетеді, онда  қолдан тұрғызылған храмдар ғана белгілі болып қоймай,  табиғи түрлері де пайдаланылғандығын айғақтайтын түркі дәуірінің бірнеше сюжеттері мен таңбалары бар.

Ту ұстаған салт аттылар бейнелері, ежелгі түркі дәуірі

3 сурет. Ту ұстаған салт аттылар бейнелері, ежелгі түркі дәуірі.

Бүгінде таңбалының орталық бөлігінде емес, шалғай шетінде орналасқан жартас суреттеріне деген қызығушылық үлкен. Ежелгі түркі тақырыбын зерттеудің өзектілігі  артып келеді, осыған орай «Түркі дәуірінің жартас суреттері» атты жаңа туристік бағыттың қажеттілігі туындады. Көпшілік қауым тарапынан оның үлкен сұранысқа ие болатындығында күмән жоқ.

Және ол  жаяу жолдан бастап автокөлік жолына дейін өзгеріп отыратын 30 тіпті 50 шақырым қашықтыққа созылуы мүмкін (пайдаланылатын көлік түріне байланысты). Бірінші кезеңде  шағын шатқалға (солтүстікке қарай орналасқан) жаңа бағыт дайындау ұйғарылады,  ол бұрын IVбөлік деп аталса, ал қазір Сұңқарсай аталады (оның жартастарында бейнеленген айрықша жарқын көріністің бірі қыранмен аңшылық  бойынша). Түркі дәуіріндегі петроглифтердің негізгі бөлігі басқа дәуірлердегі жартас суреттерінен, ең алдымен айқын көрінетін идеологиясымен бірден ерекшеленеді. Нақ осы қазіргі Сұңқарсай петроглифтерінен   Алексеей Николаевич Марьяшев тұңғыш рет өзінің ерекше бейнелеу стилімен, бейнелеу репетруарымен, хроногиясымен сипатталатын Жетісу петроглифтерінің түркілік қатпарын анықтады.

Құспен аңға шыққан салт аттылы. Ежелгі түркі дәуірі

сурет. Құспен аңға шыққан салт аттылы. Ежелгі түркі дәуірі.

Бұл бірінші кезекте түркі туымен бірге қасқырдың  немесе басқа  аңдардың басын алып келе жатқан салт аттылар. Аңшылық көріністері  жиі  бейнеленді және осы көріністердің бейнелену  мәнері  басқа да бірнеше мұраларда қайталанып отырады. Ежелгі түркі эпиграфикасы, орта ғасырлардағы түркі белгілері (таңбалары) басқа да түркі әлеміне тән нышандар ерекше қызығушылық туғызады. Бұдан басқа түркі мәнеріне тән емес орта ғасырлар суреттері де кездеседі, олар белгілі  бір дәрежеде ерте кезеңдердегі суреттерге ұқсас,  деректілігі тұрғысынан әлі де зерттеуді талап етеді.

Таңбалының ортағасырлық петроглифтері  басқа  қалған  барлық дәуірлердегі петроглифтерден  өзгеше тақырыптық мазмұнымен және түркі дәуіріндегі  (VI–XII ғғ.) көшпелілердің жартас  суреттеріне тән көркемдік мәнерімен ерекшеленеді.  Алып дала империясының  бірігуі кезеңінде жартас суреттері композициясының негізгі кейіпкері  салт аттылы ту ұстаушы, садақшы немесе ауыр қару-жарақ асынған жауынгер. Егер ежелгі суретші алдыңғы кезекте маңызды бейне ретінде  аңды көрсетсе, ал қазір адам пішінді (антромофты) кейіпкер мен оның жауынгерлік атрибуттары – жауынгерлік ту, қару-жарақ, ат әбзелдері көрінеді.  

Таңбалының орталық бөлігі бойынша  бағыттың тақырыптық мазмұнын әр дәуірдегі  ХIV–ХIII ғғ. ортасынан бастап б.з.д., б.з. XIX–XX ғғ. шегіне дейін жеткен  жүздеген мұралардан – қоныстардан, оба-молалардан, ежелгі тас кенішінен, петроглифтер мен ғибадат (құрбандық) орындарынан тұратын археологиялық кешенді құрайды.

Ежелгі түркі дәуіріндегі  таңбаның бейнеленуі

5-сурет. Ежелгі түркі дәуіріндегі  таңбаның бейнеленуі.

Таңбалының көптеген белгілі қоныстары бірнеше тарихи кезеңдерді қамтитын көп қатпарлы мұралардан тұрады. Шатқал аумағында қола дәуірінің  жеті оба-молалары (Таңбалы I, II, IV-VII, Қарақұдұк II) белгілі, олар Таңбалы өзенінің оң және сол жағалауындағы негізгі аңғардың бойында шоғырланған.  Ғибадат (құрбандық) құрылыстары өте сирек және маңызды мұралар болып саналады, өйткені олар  дәстүрлі мәдениетте  XXғ. басына дейін  петроглифтері бар орындардың киелі мәнінің сақталғандығын көрсетті. 

Сондықтан болашақ экскурсияны өткізуде Таңбалы шатқалын мекендеушілердің сөзсіз сабақтастығы  және оның орталығының  сыйыну, ғибадат етушілік сипатын  ерекшелеуге көңіл аударуды талап етеді. IX–X ғғ. манихеяның  дұға жазуы, сондай-ақ  V топтағы күнбасты құдай  осыны айғақтайды. Мұндай мұраларға назар аудару, оларға қосымша мән беру арқылы орталық шатқалда экскурсия өткізуде «түркі компонентін» күшейту,   алғашқы бағыттың жалғасы ретінде оны жаңа бағытпен байланыстыру.

Ежелгі түркі дәуіріндегі таңба

6-сурет. Ежелгі түркі дәуіріндегі таңба

Таңбалыдағы жаңа экскурсияны құру жобасын дайындау барысында   «Материалдық мәдениет мұралары» ғылыми-зерттеу өндірістік институтының   жобалау тобының  өз кезінде іске асырған қорық-музейдің орталық бөлігі бойынша туристік бағытты ұйымдастырушылардың тәжірибесі ескерілді.  Сол кезде, 2002 жылы осы топ  1990 ж. бері қарай туристер стихиялы түрде пайдаланған мұраның орталық бөлігін сақтау  бойынша шұғыл шараларды қолға алды. Тұтастай алғанда,  осы кезде құрылған экскурсиялық бағыт табиғи ландшафтыны сақтай отырып, Таңбалының негізгі көрікті жерлеріне  баруға жол салды.

Сұңқарсай петроглифтерінің сызбасы, топопланда

7-сурет. Сұңқарсай петроглифтерінің сызбасы, топопланда

Сұңқарсай бойынша бағыт болашақта Таңбалы туристік бағыттарын құру,  Қазақстандағы және одан тысқары жерлерде осындай табиғи, тарихи-мәдени  мұралардың менеджментін дамытудың  оңтайлы үлгісі ретінде танылмақ.

Төбедегі Сұңқарсай  петроглифтерінің жалпы көрінісі

8-сурет. Төбедегі Сұңқарсай  петроглифтерінің жалпы көрінісі

 

Автор: Б. Железняков
×