Мақалалар / Корженевский мұздығы

Жарияланған күні:

Корженевский мұздығы толығымен Іле Алатауының оңтүстік беткейінде. Мұздықтың жоғарғы жағы төрт  аумаққа бөлінеді. Оның үшеуінен мұздықтың аса ірі және ұзын тармақтары таралады. Айналасындағы зәулім таулармен бір көріністе алғанда  бұл мұздықтың барша Іле Алатауындағы ең ірі мұздық екені байқауға болады. Мұздық ХХ ғасырдың бас кезінде Тянь-Шань мен Памир мұздықтарын зерттеген саяхатшы және гляциолог Николай Корженевскийдің құрметіне аталған.

Корженевский мұздығы

Корженевский мұздығының оң және сол тармағы   Корженевский мұздығының орталық және сол тармағы

 

Мұздықтың ұзындығы 5,5 км, ені 600-800 м аралығындағы сол тармағы Негізгі жотадан басталып Иньтау, Копр және Металлург шыңдарының арасынан өтеді. Оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған бұлар Көкбұлақ асуының етегінде негізгі мұздықпен тоқайласады.

Сол жақта ортаңғы тармақ Сол Талғар шыңының солтүстік беткейлерінде құралады. Ұзындығы 1,5 км, ені 250 м ғана болатын бұл тұс мұздықтың ең қысқа тармағы.

Корженевский мұздығы. Сол және орта тармағы

Корженевский мұздығының ең ұзын тармағы Суровый асуынан (Н - 4455) басталады. Мұздықтың шығыс жағында «Главное Управление Всеобщего Военного Образования» жотасы бар. Мұздық Ақтау (Н-4860), Горина (Н - 4686) шыңдарының арасынан, сондай-ақ Талғар шыңы мен  Егізтау  (Н-4550) шыңдарының арасынан өтеді. Негізгі мұздыққа қосылғанға дейінгі бұл тармақтың ұзындығы  шамамен 6 км болады, ені орта есеппен алғанда 750 метр.

Орталық тармағы    Орталық тармағы мен оның төңірегіндегі шыңдар    

 

Корженевский мұздығының орталығы.Солтүстік-шығыс көрінісі

Атап өтерлік жайт, бұл шыңда мұздықпен өтуге кедергі келтіретін терең тілімдер көп. Мұздықтың жоғарғы жағында Ақтау ГУВВО шыңы мен Суровый асуының арасында «Долина гнева» деп аталатын жер бар.

«Долина гневадан» қарағандағы ГУВВО шыңы

 Күн жарқырап шыққан кезде, жарық сәуле аппақ шыңдарға шағылысып сәуленің радиациясын айтарлықтай көбейтеді, сондықтан бұл жерде жүру қолайсыз ғана емес, қауіпті де. Жел болмағандықтан сәуле радициясының күшейетіні соншалық адам пешке түскендей қуырылып, күйіп қалуы мүмкін, бұл алқаптың биіктігін ескерсек, онда адам өміріне өте қауіпті екенін аңғару қиын емес.

«Долина гнева»    Ақтау, Труд, Оңтүстік-шығыс Талғар, Горин шыңдары. Суровый асуынан қарағандағы көрініс. «Долина гневаның» басы.    

 

 Мұздықтың оң жақ тармағы «Корженевский» мен «Богатырь» мұздықтарын бөліп жатқан «Иссыктенчоху» жотасынан басталады. Бұл тармақтың ұзындығы шамамен 4,7 км, ені 2 км. Мұздықтың басқа тармақтарында тік беткейлер мен тілімденген тұстар көп болса бұл тармақта керісінше айтарлықтай аз деуге болады.

Корженевский мұздығының оң тармағы    Корженевский мұздығының оң тармағындағы шыңдар    

 

«Всеобуч» шыңы, Корженевский шыңынан қарағандағы көрінісі    «Белая шапка» шыңынан қарағандағы оң тармақтың шыңдары    

 

«Всеобуч» шыңы төңірегінде төрт тармақ бірігеді де әрі қарай «Иссыктенчоху» жотасын айнала өтіп, Оңтүстік Есік шатқалымен біртіндеп төмендейді. Мұздықтың жалпы ұзындығы 10,5 км. Корженевский мұздығынан Оңтүстік Есік өзені басталады.

 

Көкбұлақ асуынан қарағандағы Оңтүстік Есік шатқалы    Оңтүстік Есік шатқалының төменгі жағы    

 

Корженевский мұздығының ең төменгі шеті

Корженевский мұздығыны төңірегінде альпинистік категориялары белгіленген 10 асу және 18 шың бар.

Талғар торабындағы шыңдар мен Корженевский мұздығының сызбасы    Талғар торабындағы асулар, Корженевский мұздығы

×